Толтырылған сауалнама-өтінімді ұсыну, номинацияны, үміткердің тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) көрсету. Әр номинация үшін жеке сауалнама-өтінім ұсынылады. «Еңбекті қорғаудың үздік инженері» және «Еңбекті қорғаудың үздік техникалық инспекторы» номинациялары үшін ұйым ұсынатын үміткерге міндетті түрде мінездеме берілуі тиіс. Мінездемеде қызметкердің жетістіктерін, оның өз жұмысында қандай әдістер мен технологияларды пайдаланатынын, оның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша қандай шаралар қолданатынын, өз білімі мен дағдыларын қалай жетілдіретінін және т. с. с. көрсету қажет.